Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне бақылау күшейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдер бойынша есептілігіне жаңа нысан енгізуді ұсынды.
Жаңа есепте зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар, жерлеуге берілетін төлемдер мен өзге де әлеуметтік көмектің уақтылы төленуі, сондай-ақ артық аударылған сомалар көрсетіледі.
Жобаға сәйкес, жаңа есеп нысаны 2026 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 3 желтоқсанға дейін жалғасады.
