Ұлытау ауданында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Бүгін, 29 қараша күні Ұлытау ауданында мәслихат депутаттарының сайлауы басталды.

Аудан бойынша барлығы 25 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерді қабылдау үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Сайлау – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауына және өз азаматтық ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси науқан.

Әрбір дауыс маңызды! Аудан тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауға шақырамыз.

Сіздің дауысыңыз – ел болашағына қосқан үлесіңіз!