Еңбек ардагерлері өз таңдауын жасады
Еңбек ардагерлері Торғаев Айтбек пен Есілбаева Зоя бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді.

Отағасы Айтбек ағамыз бүкіл ғұмырын электр энергиясы саласына арнап, ел игілігі үшін адал еңбек еткен азамат. Ал анамыз Зоя апамыз бар ғұмырын ұстаздыққа арнап, талай шәкірт тәрбиелеген ардақты ұстаз.
Өмірлік тәжірибесі мол, ел болашағына бей-жай қарамайтын ардагерлеріміз азаматтық парызын өтеп, жас ұрпаққа үлгі көрсетті.
Ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
