Кандидат ауыл тұрғындарымен кездесті

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов Байқоңыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдап, көтерілген сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.