Еңбек адамының қоғамдағы рөлі мен маңызы
Еңбек адамы – қоғамның негізін құрайтын, адал еңбекпен өмір сүретін тұлға. Олардың күнделікті еңбегі арқылы қоғам дамиды, ал әрқайсысының өз ісіне деген жауапкершілігі мен адалдығы құрметке лайық. Еңбек адамы өз қызметіне жанын салып, төзімділік, шыдамдылық пен табандылық танытып, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
Әрбір еңбектің мәні – өз ісіңді сүйіспеншілікпен және адалдықпен атқару. Қоғамның өркендеуі үшін әрқайсымыз еңбекқор болып, өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Сандуғаш ДЮСЕНБАЕВА,
әдіскер.