Мұғалімдер енді мәселесін бір қоңыраумен жеткізе алады
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз парақшасында хабарлады.
Енді ұстаздар 1472 нөміріне хабарласып, жалақы, жұмыс жүктемесі, құжат жұмыстары және өз құқықтарына қатысты сұрақтарын қоя алады.
Орталық үш деңгей бойынша жұмыс істейді.
▪️Қарапайым сұрақтарға 15 минут ішінде жауап беріледі.
▪️Күрделі мәселелер бір жұмыс күнінде қаралады.
▪️Ал басқа мемлекеттік органдардың көмегін қажет ететін мәселелерді шешуге бір айға дейін уақыт беріледі.
Қазір орталық техникалық сынақтан өтіп жатыр.
