ҚАРҒЫНҒА ҚАМДАНЫС ҚАРҚЫНДЫ

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасы шеңберінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Ұлытау облысына келді.

Ұлытау ауданының Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзенінің арнасы, Малшыбай, Бозтұмсық, Қорғасын ауылдары, Қараторғай өзенінің арнасын Қостанай облысының шекарасына дейін аралап шығып, Кененбай және Қарсақбай бөгеттерінің жай-күйіне тексеру жүргізді.

Сондай-ақ вице-премьер Сарысу өзенінің бойында орналасқан Жыланды және Жаңабас елді мекендерін аралап, Кеңгір және Жезді су қоймаларында болды, Жезді өзені арнасының жағдайын тексерді, онда санация, арнаны тазарту және жағалауды нығайту (2 шақырым) жүргізілуде. Инспекция барысында Қанат Бозымбаев өзендегі барлық қажетті жұмысты аяқтап, Жезді ауылындағы қорғаныс бөгеттерін көтеруді тапсырды.

Құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының жедел ден қоюға дайындығын, отын, азық-түлік және медициналық құралдар резервтерін дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.