Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталар айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Қаныш Сәтбаев – геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті.

Номиналы 2 мың теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қаныш Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.