Антибиотиктерді рецептсіз сатуға бақылау күшейтіледі

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы шектеулерге қарамастан, кейбір дәріханалар мен онлайн платформаларда антибиотиктер дәрігердің рецептісіз сатылып келеді.

Ведомство антибиотиктерді бақылаусыз қолдану микроорганизмдердің дәріге төзімділігін күшейтетінін ескертті. ДДСҰ дерегіне сәйкес, жыл сайын мұндай инфекциялардан әлемде шамамен 700 мың адам қайтыс болады.

Сарапшылардың болжамынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 миллион адамға жетуі мүмкін.