Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектеп оқулықтарында 700-ден астам ескерту мен қате табылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында фактілік, стильдік және техникалық қателер, сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес келмейтін материалдар бар.

Кейбір оқулықтар 9 жылдан бері жаңартылмаған.
Осыған байланысты министрлік оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр:
2026 жылғы 30 тамызға дейін — 3 және 7-сынып;
2027 жылғы 1 қаңтарға дейін — 4 және 9-сынып;
2027 жылғы 1 сәуірге дейін — 8-сынып оқулықтары жаңартылады.
