Қызылорда мен Жезқазған арасындағы тасжол толық жаңарды!

Қызылорда мен Жезқазғанды жалғайтын 400 шақырымдық тасжолдың құрылысы аяқталып, көлік қозғалысы ресми түрде ашылды.

Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан, өңір тұрғындары көптен күткен маңызды жобалардың бірі.

Ауқымды құрылысқа 2 200-ден астам маман мен 1 400 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 4 көпір, 120 су өткізу құбыры, 24 мал өткелі салынып, жүргізушілер үшін 8 демалыс алаңы жабдықталды.

Бірақ мұнымен жол құрылысы тоқтамайды!

Ендігі кезекте Қарағанды – Жезқазған арасындағы 457 шақырым жолды жаңарту жұмыстары жалғасады. Бұл жоба аяқталғанда Астана – Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда бағыты толық жаңарып, өңірлер арасындағы қатынас әлдеқайда ыңғайлы болады.

Жаңа жол – қысқарған сапар, қауіпсіз қозғалыс және өңірлерге жаңа мүмкіндік!