Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

eGov Mobile қосымшасында «ХҚКО қызметтері» бөлімінде «Теориялық емтиханды онлайн тапсыру» жаңа функциясы іске қосылды.

Енді жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер теориялық емтихан тапсыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн форматты пайдалана алады. Ол үшін компьютер немесе ноутбук, смартфон және тұрақты интернет байланысы қажет.

Қызметті алғашқы кезеңде тек Астана қаласында тұрақты тіркеуі бар тұрғындар пайдалана алады.