Білім саласы қызметкерлерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлдібек Тәуекелов өзге де кандидаттармен бірге Жезқазған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, білім беру саласын дамытуға бағытталған негізгі бастамаларға тоқталды.

Атап айтқанда, 2031 жылға дейін Ұлытау облысында 3 200 орындық алты мектеп пен 920 орындық үш балабақша салу жоспарланған. Бұл бастамалар өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жақсартуға, оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.