Агросалаға қолдау күшейеді
Өткен аптада аудан орталығында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жəне шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге бағытталған кездесу өтті.

Жиынға Ұлытау облысы əкімінің орынбасары Болат Жұмабеков төрағалық етті. Кездесуге аудан əкімі Аманжол Мырзабеков, облыстық басқармалар мен қаржы институттарының басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері жəне ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру, қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстыру жəне сала өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Кездесу барысында агроөнеркəсіптік кешенді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген несие беру тетіктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды қолдау, кəсіпкерлерді қаржыландыру жəне өндірісті кеңейтуге бағытталған мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.
Сала мамандары шаруаларға мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану тəртібі, қаржыландыру бағыттары жəне жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде түсініктеме берді.
Жиында «Жайлау», «Береке» жəне «Игілік» бағдарламаларының мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылды. Аталған бағдарламалар аясында ауданның ауыл шаруашылығы саласын заманауи бағытта дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту, мал шаруашылығы мен егіншілікті жаңа технологиялар негізінде жетілдіру мəселелері сөз болды.
Кездесу барысында ауданның шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері өздерін толғандырған мəселелерін ортаға салды. Қатысушылар несие алу, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану жəне өндірісті дамытуға қатысты сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, заманауи технологияларды енгізу жəне қолданыстағы қолдау құралдарын тиімді пайдалану бағыттары талқыланды.
Мұндай кездесулер шаруалар мен мемлекеттік органдар арасында тікелей байланыс орнатып, саладағы өзекті мəселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысында ауыл шаруашылығы саласын одан əрі дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру жəне кəсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шараларын жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан саладағы өндірісті арттыруға, шаруалардың əлеуетін күшейтуге жəне жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ізбасар ОЙБАС.
