Құрылтай сайлауы – 2026: Қоғамдық белсенділік артып келеді

2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауы қарсаңында елімізде сайлауалды үдеріс қарқынды жалғасуда. Мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, саяси партиялар мен кандидаттар сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда.

Соңғы жарияланған әлеуметтік зерттеу нәтижелері қоғамның сайлауға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті. Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, азаматтардың 89,4 пайызы алдағы Құрылтай сайлауы туралы хабардар. Ал сауалнамаға қатысқандардың 72,3 пайызы 23 тамызда өтетін сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірген. Бұл көрсеткіш халықтың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын екенін аңғартады.

Сарапшылардың пікірінше, сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды демократиялық тетік. Сондықтан әрбір сайлаушы заң талаптарын сақтай отырып, саналы таңдау жасап, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенгені жөн.

Бүгінде еліміздің барлық өңірінде сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Құрылтай сайлауы – елдің болашағын айқындайтын маңызды саяси науқан. Әрбір азаматтың дауысы мемлекет дамуының келесі кезеңіне ықпал ететін маңызды шешімдердің негізін қалайды. Сондықтан сайлауға белсенді қатысу – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.