Ұлытаудың төлтумасы

Ұлытау облысы құрылғалы бергі уақытта жас облыстың даму қарқыны төңірегінде алуан түрлі әңгімелер айтылып, сын садағын кере тартқан пікірлер де көп болғанын жақсы білесіздер.

Ширек ғасыр шетқақпай тірлік кешіп, қойнауына қол салып, асыл қазынасын қопара қазған инвесторлар тарапынан да, ресми билік тарапынан да лайықты көңіл бөлінбегендіктен, мыс шаһары қаңырап қалуға айналған еді. Не керек, Жезқазғанның астын үңгіп қазғанымызбен, үстін көркейте алмағанбыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи шешімінің арқасында қайта құрылған Ұлытау облысының тамырына қан жүгіріп, Ұлы Даланың Ұлытауы еңсе көтере бастады. Қаншама ірі жобалар қолға алынып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы қарқын алды. 60 жылдан астам уақыт жаңармай, ішінен іріп, сыртынан шіріген инженерлік желілер жаңартылып жатыр.

Бүгін келіңіз, Жезқазғанға!
Ажары кірген өңір, базары шалқыған шаһар көресіз. Тақтайдай жол, еңселенген ел көресіз!
Сонда да сынап жатырмыз. Халықтың тығыздығына байланысты бөлінетін бюджеттік қаржының мардымсыздығын, бизнес қауымдастықтың өркениеттен тым шалғай орналасқан өңірге инвестиция салуға құлықсыздығын, ірі жобалар үшін қыруар уақыт қажеттігін ешкім ескере қойған жоқ. Бір сөзбен айтқанда «Мәскеудің бір күнде салынбағанын» ұмытып кеттік.

Ал, бүгін көріңіз!
Бұрынғыны жоққа шығару емес, облысымыздың бүгінгі әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков өңір тізгінін қолға алғалы бері тікелей аймақ басшысының бастамасымен бірегей жобалар жүзеге асып, өңір тынысы ашылып келеді.
Іскерлігі шығар, ілкімді істер нәтижеге бастады.
Біліктілігі шығар, бірегей бастамалар жемісін беріп жатыр.
Адалдығы шығар, армандар ақиқатқа айналды.
Ең бастысы, Дастан Адайұлы – Ұлытаудың жанашыры. Туған елінің патриоты, туған жерінің Қызғыш құсы! Ол – Ұлытаудың төлтумасы.

Бүгін – туған елге туын тігіп, туған жерін тұғырландырған жас облыстың жас әкімі Дастан Адайұлының туған күні. Иә, алғашында «Жас екен, тәжірибесі жете ме?» деген күмәнмен қабылдағынымыз да жасырын емес. Бірақ, жасы кіші дегеннен ақылы асып, ағалыққа жараған, қой асығы дегеннің қолына жағып, сақалыққа жараған Дастан Адайұлына асқақ абырой, бекем бедел тілеймін! Ел игілігі жолындағы еселі еңбегіңіздің есесіне Жаратушы ием Сізге мықты денсаулық, баянды бақыт берсін!
Тұғырлы болыңыз, ғұмырлы болыңыз!

Нұргүл ШАМАЕВА,
ulytaunews.kz сайтының әкімшісі.