Енді докторантура бітірген мамандар мектепте жұмыс істей алады
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

Енді докторантура түлектері мемлекеттік грантты тек ЖОО, ғылыми институт немесе мемлекеттік органдарда ғана емес, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында жұмыс істеу арқылы өтей алады.
Бұған дейін қолданыстағы талаптар бойынша PhD докторы грантты тек жоғары оқу орындарында, мемлекеттік органдарда немесе ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеу арқылы өтеуге міндетті болатын.
«Біз бұл кедергіні алып тастадық. Біздің авторлық түзетулеріміз заң болып бекітілді. Бұл шешім мектептерді мықты кадрлармен күшейтеді», – деп жазды депутат Threads парақшасында.
