Министрлік педагогтер толтыруы міндетті құжаттар санын 5-ке дейін азайтуды көздеп отыр

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, ведомство 2020 жылы бекітілген педагогтер толтыруға міндетті құжаттарға қатысты бұйрықты зерделеді.

Бүгінгі таңда 25 құжатты толтыру тізбесі бекітілген.

Енді олардың санын қысқарту қарастырылмақ.

«Министрлік педагогтерге қысым көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, сонымен бірге мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жанжалдарға байланысты жағдайларды зерделейтін болады. Әрбір өтініш жан-жақты қаралады», – дейді министр.