2029 жылға дейін коммуналдық тарифтер кезең-кезеңімен өседі
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.

Болжам бойынша:
Жылумен жабдықтау тарифтері:
2026 жылы — 10%, 2027 жылы — 17%, 2029 жылы — 11% өседі. Жалпы өсім 2029 жылға қарай шамамен 65%-ды құрайды.
Электрмен жабдықтау тарифтері:
2026 жылы — 11%, 2027 жылы — 14%, 2028 жылы — 15%, 2029 жылы — 16%. Жалпы өсім шамамен 70%-ға дейін жетуі мүмкін.
Мамандар бұл шаралар энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және қызмет сапасын тұрақтандыру мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
