«Шабыт» жұмысына кірісті ме?

Ата-аналар тарапынан жақында ашылған «Шабыт» шығармашылық орталығының жұмыс кестесі туралы сұрақтар туындап жатыр. Осыған байланысты Ұлытау облысының әкімдігі төмендегідей түсінік береді.

«Қазіргі уақытта бұрынғы Оқушылар сарайынан жаңадан ашылған «Шабыт» шығармашылық орталығына құжаттарды көшіру және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін бұрынғы ғимараттағы оқушылар мен педагогтер жаңа орталыққа көшіріледі.

Сонымен қатар, бұрынғы Оқушылар сарайындағы үйірмелерге қатысып жүрген балалар жазғы кезеңде өз сабақтарын әдеттегі тәртіппен жалғастыра береді.

Ал «Шабыт» шығармашылық орталығында ашылатын жаңа үйірмелердің жұмысы жаңа оқу жылынан басталады. Барлық бағыт бойынша үйірмелерге алдын ала жазылу үшін тұрғындар бұрынғы Оқушылар сарайына жүгіне алады.

Барлық ұйымдастыру шаралары балалардың оқу-тәрбие процесінің үздіксіз жалғасуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда».