Ұлытау облысында Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті

Ұлытау облысында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға өңір басшысы Дастан Рыспеков қатысып, айтулы күннің ел өміріндегі айрықша маңызына тоқталды.

Өз сөзінде облыс әкімі:
«Қасиетті Ұлытау – ежелден ерлік пен намыстың мекені, ұлтымыздың алтын ұясы. Біз бүгін аға буынның қаһармандық дәстүрін абыроймен жалғастырып келе жатқан нағыз отаншыл азаматтарды мақтан тұтамыз. Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, “Айбынды әскеріміз – Тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі», – деп атап өтті.

Салтанатты жиында бірқатар азаматтарға мерекелік марапаттар табысталды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі, Ұлытау облысының Құрмет грамоталары мен алғысхаттары бар.

Мерекелік іс-шара Ұлттық ұланның Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің оркестрінің сүйемелдеуімен және эстрада жұлдызы, жерлесіміз Қуандық Рахымның әсерлі ән шашуымен жалғасын тапты.