Дастан Рысбеков Жезқазған қаласын аралап, өңір орталығындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков Жезқазған қаласын аралап, өңір орталығындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты. Жұмыс сапары барысында қаладағы бірқатар көшелер, тұрғын үйлердің аулалары мен бизнес нысандары қаралды.

Аралау нәтижесінде өңір басшысы қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру, нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті мен оған іргелес аумақтардың тазалығы басты назарға алынды.

 

Өңір басшысы қала әкіміне кәсіпкерлермен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Атап айтқанда, бизнес өкілдері өз ғимараттарының маңын абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп, ағаш отырғызып, жасыл желектер санын арттыруы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру және бақылауда ұстау қала әкімдігіне жүктелді.