Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді келіп жеткен жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жыл өңіріміз үшін мазмұны мен мәні терең, нақты нәтижелерге толы жемісті кезең болды. Ұлытау облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі бағыттары бойынша оң өсім қалыптасты. Инфрақұрылым жаңарып, ел игілігіне арналған маңызды жобалар бастау алды, кәсіпкерлік пен инвестиция тарту ісі жанданып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылды.
Бұл жетістіктер — ең алдымен еңбекқор халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, ортақ мақсат жолындағы табанды еңбектің нәтижесі. Әр салада аянбай тер төккен мамандарға, өңір дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін.
Қадірлі жерлестер!
Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз — біздің басты тірегіміз. Алдағы жылы да ел игілігі үшін басталған жобалар жалғасын тауып, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын бастамаларға жол ашылады деп сенемін. Бірлік бар жерде — береке, татулық бар жерде — тұрақты даму бар.
Жаңа жыл әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, амандық пен молшылық әкелсін! Әр отбасыға береке-бірлік, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ұлытау өңірі үшін 2026 жыл игілікті істерге, толағай табыстарға толы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.
