Құрметті ұлытаулықтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Елдің қорғаныс қабілетін дамыту және нығайту – біздің мемлекет үшін бірінші кезектегі міндет, өйткені армия елдің бейбіт аспанының кепілі болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, өз армиясы құрылды. Бүгінгі күні елімізде әскеріміздің, оның ішінде ұлттық әскери оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға тиісті көңіл бөлінуде. Әскери қызметшілер жыл сайын оқу-жаттығуларға қатысып, өздерінің жоғары кәсіби әзірліктерін шыңдауда. Бұл мереке – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтардың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.
Қазіргі таңда Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – әрбір қазақстандық үшін құрметті міндет болып табылады. Біз, Сіздерді Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Еліміз дамып, өркендей берсін, аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.