Үздіктер анықталды

Жақында «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының аумақтық кезеңі өтті. Байқауға екі санат бойынша құрамында 100 жəне 500-ден астам партия мүшелері бар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Алдымен, партия ұйымдарының 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстары бойынша кең сипатта, терең мағыналы əрі нақты деректермен дəйектелген БПҰ төрағаларының баяндамаларын комиссия мүшелері ынта қойып тыңдады. Төрағалар партиялық жобалары аясында орындалған жұмыстарын сөз етіп, «АМАNАТ» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттеріне кеңірек тоқталды. Сонымен қоса, жыл бойы жүргізілген жұмыстарының түйінін слайд арқылы көрсетті. Атқарылған іс қорытындысына комиссия мүшелері əділ шешімін шығарып, партия төрағаларының жұмыстарына оң пікірлерін білдірді.

Нəтижесінде, бірінші санат бойынша Мəдениет үйінің партия ұйымы, ал екінші санат негізінде аудандық білім бөлімінің партия ұйымы жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Байқау соңында «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ахат Құрмансейітов жеңімпаз атанған бастауыш партия ұйымдарының төрағалары Ғалымжан Ерғалиев пен Рахат Ниязовты тиістілігіне сəйкес дипломдармен марапаттады.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.