ҚАРАЖАЛ МЕН ЖӘЙРЕМДЕ 60 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде жарты ғасырдан кейін тұңғыш рет мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналар бой көтерді.
Аймақтарда салынған қос пәтерлі жер үйлердің жалпы саны – 30. Нәтижесінде, ұзақ жыл кезекте тұрған азаматтар биыл қоныс тойын тойламақ. Баспаналар әлеуметтік осал топтағы жандарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының жұмыс сапары барысында баспаналар аумағының 100-120 шаршы метр аралығында екені айтылды. Өңір басшысы пәтер кілттерін жылыту маусымына дейін табыстауды тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде жалпы алғанда 500-ге жуық азамат үйдің кезегіне тіркелген.