Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болады
Жаңа мемлекеттік қызмет түрі пайда болды. Яғни, азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Қызметкерді шақырсаңыз ол сіз белгіленген уақытта көрсетілген мекенжайға келеді.
Ол жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі және паспорт алу мен тарнспортты тіркеуден басқа барлық қызмет түрін көрсете алады. Мамандар бұл қадамға тұрғындардың уақытын үнемдеу үшін барғанын айтады.