Жұмыс сараланып, жоспар нақтыланды
Сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде, аудан әкімінің қатысуымен, Ұлытау ауылының әкімі Талғат Әбжаппаровтың кезекті халық алдындағы есебі тыңдалды. Ауыл әкімі ағымдағы жылы атқарылған жұмыстары және жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстары туралы баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, тиісті жауаптары берілді. Тұрғындар тарапынан ауылымызда орнатылып жатқан балалар ойын алаңдары жалғасын тауып және ауыл ішіндегі спорт нысандары қалыпқа келтірілсе деген ұсыныстар айтылды.
Келесі кезекте аудан әкімі Аманжол Батырбекұлы ауыл әкіміне жыл басынан атқарылатын жұмыстардың уақытылы атқарылмай жатқандығы, яғни “Ұлар” саябағындағы субұрқағы, ауыз су ұңғымасының уақытылы іске қосылмауы және ауыл тұрғындарының үй жануарларының қараусыз жүргендігін сынға алды.
Аудан басшысы жақын арада ауыл кіреберісіндегі айналма жолдағы белгіні қалыпқа келтіруді және тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.