«ЖЕЗҚАЗҒАН-ҚЫЗЫЛОРДА» ТАС ЖОЛЫ: МЕРДІГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
Ұлытау облысының аумағындағы 8 учаскенің құрылысымен айналысатын 4 мердігер ұйым анықталды
Олар биыл күзде құрылыс жұмысына кірісуге тиіс.
Көлік министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлімдеді. Ол «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының құрылыс жұмысы барысын тексерді.
Қызылорда облысының аумағымен өтетін жол учаскелеріне жауапты мердігер ұйымдардың алдына 190 шақырым жолдың 140 шақырымына асфальт төсеу міндеті қойылды.
Жалпы Қызылорда аумағы бойынша өтетін жол учаскелеріне 120 км жаңа асфальт төселді.