Ұлытаулық бүлдіршіндер – кино әлемінде

Қуанышты жаңалық! Ұлытаулық балалар кино əлеміне аяқ басып, топ жарды. Ұлытау ауданының №1 тірек мектебінің оқушылары Керім ҚУАНЫШ жəне Айзере ƏЛМҰХАН «Мейрам» киностудиясы туындыларының бірінде көрінді. Қыздар киностудияның біршама бүлдіршіндері бақ сынаған кастингінде көзге түсіп, шақырту алса керек. Айзере «Тик-так», Керім «Алтын сақа» атты туындыларына түсіп, басты рөлдерді сомдаған. Аты аталған кинолардың толық нұсқасын YouTube желісінен көре аласыздар.

Балаларының жетістігіне қуанышты болып отырған ата-аналардың сөзінше, олар кино əлеміне аяқ басқан сəтінен-ақ еш қобалжымай, ойдағыдай түсіп шыққан. «Баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақымын қысар» демекші, ата-аналары да кино түсірілімі барысында қыздарына барынша қолдау көрсетіп, жанынан табылып отырған. Алдағы уақытта осы салада əлі де өнерлерін дамытып, көрінгісі келетінін айтып өтті. Бұл өңіріміз үшін үлкен қуаныш. Балапандарға болашақта жетер жетістіктері көп болып, тек қана сəттілік тілейміз.

Елдара ОБАЙДУЛЛИНА,
жас тілші.