Шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағына сәйкес, Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайын аудит жүргізеді.

Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау болып табылады.
Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылға бекітілген мемлекеттік аудит обьектілерінің тізбесіне сәйкес, «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит объектісі) қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын және негізділігін бағалау, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілігінің анықтығын және негізділігін бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізді.
01.01.2024 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі баланс валютасының жалпы сомасы 1 475 954,8 мың теңгені құрайды.
Аудитпен мемлекеттік аудит объектісінің активтері, міндеттемелері және таза активтері/капиталдары есепке алудың толықтығы мен сенімділігі, ақша қозғалысын есепке алудың дұрыстығы, дебиторлық және кредиторлық берешектерді есептеу операциялары қамтылды.
Шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу нәтижесімен шоғырландырылған қаржылық есептіліктің бұрмалануына әсер ететін 241 451,8 мың теңге бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда:
сомасы 43 165,7 мың теңгені құрайтын биологиялық активтер (көпжылдық көшеттер) қорлар ретінде негізсіз есепке алынған және 43 165,7 мың теңге биологиялық активтер (көпжылдық көшеттер) қорлар ретінде негізсіз есептен шығарылған.
сомасы 198 088,7 мың теңгені құрайтын Шалғия су қоймалары 2022 жылғы жылдық шоғырландырылған қаржылық есепте есепті кезең соңында аяқталмаған құрылыс объектілері 2411 «аяқталмаған құрылыс» шотында орналастырылмаған.
Аудит нәтижесі бойынша, аталған қаржылық бұзушылықтар есепке алу жолымен 2023 жылғы 13 ақпандағы №1 және 2023 жылғы 12 қазандағы №2 бухгалтерлік анықтамалармен қалпына келтірілді.
мемлекеттік аудит объектісінің қызметкерлеріне 600,0 мың теңге сыйлық ақы, 314,5 мың теңге іссапар шығыстары негізсіз төленген.
Аудит нәтижесі бойынша, аталған соммалар бюджетке толықтай өтелді.
Жоғарыдағылардың негізінде, мемлекеттік аудит объектісінің 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша оң пікір білдірілді.