Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке бізді бір шаңыраққа біріктіреді, бірлік пен ынтымаққа шақырады.
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нəтижелі істердің болатыны белгілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында Қазақ елінің бірлігін мұнан əрі жетілдіру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты екенін жəне баршамыздың қоғамдық бірлікті сақтау мен қадірлеуді атап өткен болатын.
Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашанда арта бермек. Досқа адалдық, бауырласқа мейірбандық танытып, ата салтынан айнымаған халқымыздың игі дəстүрі бейбіт өміріміздің негізін қалап келеді.
Бірлігі бекем елдің іргесі мықты, болашағы нұрлы. Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын.
Сан ұлтқа сая болған қасиетті Ұлытау ауданы халқының ауызбірлігі мен татулықты ту еткен ынтымағы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге.
Бүгінгі таңда игілікті бастамаларды мақсат еткен аудан тұрғындары ел экономикасының өркендеуіне, халықтың əлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне үлес қосып, ертеңгі күнге деген зор сеніммен еңбек етуде.
Баршаңызды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, əрбір отбасына амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз.
Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген аудан халқының достығы жарасып, Қазақ елінің даңқы арта берсін!
Əрдайым бiрлiгiмiз бен татулығымыздан танбай, болашаққа бiрге қадам баса берейiк!
Мереке құтты болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы.