Жезқазғандағы Қаныш Сәтбаев алаңы 75%-ға дайын

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қайта құру жұмыстарын қадағалау барысында алаңды 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде ашу міндетін жүктеді.

Қазіргі таңда аталған орында амфитеатр салу жұмыстары, кеспе тастарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ алаңның басты ерекшелігінің бірі саналатын құрғақ фонтан 90%-ға дайын.

Құрылыс жұмыстарының басында қазіргі таңда 45 азамат еңбек етуде. Мердігер ұйым реконструкцияны мамырдың соңында толықтай аяқтауды жоспарлап отыр.