Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Мамырдың ортасында Жезқазғандағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысшылар саны үш есе артып, Кеңгір өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары басталады. Бұл жайында бүгін Ұлытау облысы әкімінің нысандағы жұмыстарды бақылауы барысында айтылды.

Қазіргі уақытта құрылыс басында 130 адам екі мезгілде жұмыс атқаруда. Келесі айдың ортасынан бастап күндізгі ауысымда 300, түнгі кезекте 100 адам құрылыс жүргізетін болады.

Белгілі болғандай, қазір ұзындығы 25, ені 11 метр болатын бассейннің тостағаны құйылған, сонымен қатар едені мен төбе жабынын құю жұмыстары жүргізілуде.

Келесі аптадан бастап, шатыр құрылғыларының, ішкі ғимараттарын бөлу, қабырғаларын қаптау, ішкі және сыртқы желілерін жүргізу жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетейік, нысан халық игілігіне биыл қазан айында беріледі деп күтілуде.