Құтқарушыларға – құрмет

Құтқарушылар күніне орай, «АМАNАТ» партиясының аудандық филиалында Ұлытау ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қызметкерлерімен салтанатты кездесу өтті. Жиынды «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Думан ЖҰМАНОВ құттықтау сөзбен ашып, мереке иелеріне алдағы уақытта да жемісті еңбек тіледі.

Жүздесу барысында филиал хатшысы құтқарушылардың жұмысын айта келіп, жылдың кез-келген маусымында, тəуліктің кез келген мерзімінде кез келген жағдайдағы оқыс оқиғалар мен табиғат құбылыстары салдарынан туындайтын жайттарға қарсы тұрып, шұғыл шешім қабылдап, əрекет ету үдесінен шығуда өз міндеттерін мінсіз атқарып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
Кездесу соңында Думан Айтбекұлы құтқарушылардың еңбегін бағалап, «АМАNАТ» партиясы атынан Алғыс хат тапсырды.

Өз тілшімізден.