Бұқара бұйымтайы – билік назарында

Ұлытау облысында Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті. Өңір бойынша жалпы саны 84 тұрғын облыс, қала, аудандардың әкімдері мен орынбасарлары, басқарма, департаменттер, бөлім басшыларына жеке сұрақтары бойынша жүгінді. Оның 50-ге жуығы Сәтбаев қаласындағы Кеншілер сарайы ғимаратына келсе, қалғаны өзге қала-аудандарда сауалдарын жолдады.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының қабылдауына 17 адам келді.

Жүгінген азаматтардың сұрақтары тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына, жер, баспана мәселесіне, кәсіп бастауға қайтарымсыз грант қаражатына қатысты болды.

Айта кетейік, Ұлытау облысында Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні осымен екінші рет өткізіліп отыр.