Жезқазғанда жылу желілері жаңғыртылуда

«Алматыинжстрой» АҚ Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі уақытта Бейбітшілік даңғылында (Гагарин көшесінен Абай көшесіне дейін) тротуар плиталарын бөлшектеу, жер жұмыстары және жылумен жабдықтау құбырларын бөлшектеу жұмыстары орындалды.

Учаскеде жылумен жабдықтау құбырларын диаметрі 325 мм (ППҚ-мен) ауыстыру бойынша жұмыстар орындалмақ.