Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Береке мен бірлікті арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың бір-бірімен етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Осы қасиетті күні халқымыз құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді.
Құрбан айт – кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдылық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Құрбан айт кезінде ата–бабаларымыз жетім–жесірді жебеу, мұқтажға қолұшын беру сияқты игі дəстүрлеріміз арқылы өзгеге өнеге болатын ізгі əрекеттер көрініс тапқан. Осындай асыл үрдістер ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Дін тірегі – имандылық. Имандылық əр адамды тек жақсы қасиеттерге тəрбиелейді. Əділет пен парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тəуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеуде.
Қадірменді бауырлар!
Əрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш əкелетін əлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.
Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас-ниеттеріңіз қабыл болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың төрағасы.