Өзекті мәселелер – қатаң бақылауда

Сəрсенбі күні аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат мəжілісінде өңірдің дамуы үшін маңызы зор мəселелер күн тəртібіне шығарылып, егжей-тегжейлі талқыланды. Жиынға аудандық мəслихат төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, аудан əкімінің орынбасарлары, аудандық деңгейдегі мекеме-бөлім басшылары қатысты. Кенттер мен ауылдық округтерінің əкімдері ZOOM платформасы арқылы бейнебайланыста болды.

Мəжілісте екі мəселе қаралды. Алдымен, бірінші мəселе бойынша 2024 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстар жəне мемлекеттік сатып алу, əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы аудан əкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек баяндама жасады. Екінші мəселе бойынша көктемгі дала жұмыстарының дайындығы туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сағади Обайдуллин баян етті.
Осы мəселе төңірегінде аудан басшысы Аманжол Батырбекұлы егін егу науқанына байланысты тұқым мен техникалардың əзірлігін байқауды, жанар-жағармай қорын қалыптастыруды, шаруа қожалықтарына қолдау көрсетуді Сағади Обайдуллинге жүктеді. Тез арада, облыстық басқармамен бірлесіп, егін шаруашылығымен айналысатын фермерлерге қолбайлау болып тұрған мəселелерді біржақты етуді тапсырды.
Жиын барысында аудан басшысы кезек күттірмейтін басқа да мəселелерді сөз етіп, оларды орынбасарларына, мекеме-бөлім басшыларына міндеттеді. Мəселен, ауызсуды хлорлау жұмыстарын үстіміздегі жылдың мамыр айында бастауға жəне аудан аумағындағы тоғандар құжаттарын 1-ші маусымға дейін аяқтауға тапсырма берді. Сонымен қатар, жиында ауданның даму жоспарына сəйкес, тиісті бюджеттік өтінім мен сметалық құжаттарды 15-ші мамырға дейін тиісті орындарға өткізуді басты мəселе етіп қойды. Бұдан бөлек, аудан əкімі конкурс негізінде атқарылатын жұмыстарды əркез қадағалап, үнемі бақылауда ұстауды жауапты тұлғаларға тапсырды.
Аппарат жиынында Жезді кентінің кіреберісіндегі автокөлік жүретін жол бойына жарық шамдар орнатылатыны жəне Сарысу ауылының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі айтылды. Бұл жөнінде конкурс беру жұмыстары Жезді кентінің əкімі Мұратбек Жұмабеков пен Сарысу ауылының əкімі Сəтжан Құрманбаевқа тапсырылды. Ал, Ұлытау ауылдық округінің əкімі Талғат Əбжаппаровқа ауыл ішіндегі тұрғындардың тұрмыс қалдықтарын, күл-қоқыстарын сыртқа шығаруды ұйымдастыру тапсырылды. Аудан əкімі аппаратының басшысы Ержан Дəуітбаевқа аудандық жер қатынастары, сəулет жəне қала құрылыс бөлімі жəне ауданның ТҮКШ, ЖК АЖ жəне ТИ бөлімдерін екіге бөлу жұмыстары міндеттелді.
Аудан əкімі Аманжол Мырзабеков жиында қарастырылған мəселелерге қатысты тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар бере отырып, олардың орындалу жайы қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.