Кандидаттар еңбек ұжымына сайлауалды бағдарламаны таныстырды
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Мұқан Үңгітбаев, Ақжол Құрмансейіт, Светлана Жумкина, Абылай Жәнібеков және Нұргүл Талғатбекова Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылда өңірді дамыту бағытында жүзеге асырылатын жоспарлар мен бастамалар туралы баяндады.

Әсіресе келер жылдың «Халықтық құрылыс жылы» болып белгіленуіне байланысты Ұлытау облысында қолға алынатын құрылыс жобаларына кеңінен тоқталды. Әлеуметтік нысандардың бой көтеруі, инфрақұрылымды жаңғырту және елді мекендердің көркін жақсарту бағытындағы жұмыстарға басымдық берілетінін атап өтті.
Бүгінде Ұлытау облысы құрылыс қарқыны жоғары өңірлердің біріне айналып келеді. Алдағы кезеңде де ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру көзделген.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
