Жолдаудың сараптамалық көзқарасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдегі өзекті мәселелерді қамтып, реформалардың жаңа кезеңін белгілейтін маңызды саяси құжат. Бұл жолдауда Президент қоғамның негізгі сұраныстарын назарға ала отырып, Қазақстанның даму бағытын айқындап берді.

Жолдаудың негізгі ерекшеліктерінің бірі – әлеуметтік әділеттілік пен құқық үстемдігіне басымдық беру. Президенттің Әділетті Қазақстан құру туралы бастамасы елдегі заң үстемдігі мен теңдікке деген сұранысқа жауап беріп, құқық қорғау және сот жүйесін реформалау қажеттігін көрсетті. Тоқаев заңның барлығына бірдей болуы тиіс екенін, ал азаматтардың құқықтары мүлтіксіз қорғалуы керектігін нақтылады. Бұл бағыттағы реформалар халықтың құқықтық сенімін арттыруға бағытталған.

Саяси реформалар тұрғысынан Президент партиялық жүйені либерализациялауға, демократиялық құндылықтарды нығайтуға, билік пен халық арасындағы диалогты күшейтуге шақырды.

Алмас БЕГАЕВ,
кәсіпкер.