Реформа – сот тәуелсіздігінің кепілі

Еліміздің сот және құқық қорғау жүйелерінің реформалануы Әділетті Қазақстан құру жолында маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Бұл реформалар қоғамның заңдылық пен әділдікке деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Соттар мен құқық қорғау органдары заңдылықты қатаң сақтай отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін тиімді шаралар қабылдауда. Заңның барлығына бірдей болуы және азаматтардың құқықтарына басымдық берілуі сот жүйесінің негізгі принциптеріне айналып келеді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау басты назарда ұсталып, заңнамалық қайшылықтар олардың пайдасына шешіледі.

Құндыз АЛИМКУЛОВА,
белсенді жас.