Жолдау сан салаға тың серпін береді

ҚР Президенті Қ.Тоқаев еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Жолдаудан әрбір адамның көкейінде жүрген мәселелерді қамти отырып, мемлекеттің дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын сезіндік. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз жолдауында ең төменгі айлықтың 60 мың теңгеге өсетінін хабарлап, азық-түлік бағасын ерекше қадағалауды тапсырды. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Дені сау, Білімді ұрпақ — мемлекеттің қазынасы мен жарқын келешегінің кепілі. Сондықтан да бұқаралық спорт пен ғылымды дамыту туралы ойлары да халықтың көңілінен шығатынына сенімдімін. Сонымен қатар Президентіміз Ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, тоғышарлықтан арылып, ерінбей еңбек етуге шақырды. Мемлекетіміздің абыройы арта берсін!

Жансая ЕРІК,
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.