Жол қауіпсіздігі – әр жүргізушінің жауапкершілігі

Жолдағы бір сәттік немқұрайдылық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау – жүргізушінің басты міндеті.

Телефонға алаңдамаңыз!
Көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабымен жауапкершілікке әкеп соғады. Бірінші рет – 5 АЕК, ал бір жыл ішінде қайталанса – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Телефонды құлаққап немесе hands-free арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.

🔒 Қауіпсіздік белдігін тағыңыз!
Жүргізуші де, жолаушылар да көлік қозғалысы кезінде қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті. Бұл талапты бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

🚦 Жылдамдық режимін сақтаңыз.
Жол жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдап, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын орындаңыз.

🚶 Жаяу жүргіншілерге жол беріңіз.
Жаяу жүргіншілер өткелдерінде аса сақ болыңыз және олардың қауіпсіздігін бірінші орынға қойыңыз.

⚠️ Есіңізде болсын:
Телефонға бір сәт қарау, белдік тақпау немесе жылдамдықты асыру — бірнеше секундтық әрекет. Бірақ оның салдары адам өміріне әсер етуі мүмкін.

Заңды сақтау – айыппұлдан қорғану ғана емес, адам өмірін қорғау.