Жезқазғанда «Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері» атты облыстық дөңгелек үстел өтті

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оның қолданылу аясын кеңейту, сондай-ақ тіл үйретудегі озық әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу мақсатында Жезқазғанда «Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері» атты облыстық семинар өткізілді.

Іс-шараға Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тіл мамандары, арнаулы орта және жоғары оқу орнының оқытушылары, қоғам белсенділері шақырылды.

Тәжірибелі филологтар мен педагогтар қазақ тілін оқытудың түрлі әдістемелері туралы айтты.