«ЖАСЫЛ ЕЛ»: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА 600-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Атап айтар болсақ, Жезқазған қаласынан – 150, Сәтбаевтан – 150, Қаражал қаласының – 150, Жаңаарқа ауданы – 60, Ұлытау ауданының – 88 тұрғыны өз өңірінің тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосуда.

Нәтижесінде биыл маусым-шілде айларында өңірдің 70 гектардан аса аумағы «Жасыл ел» сарбаздарының арқасында тазартылған. Еңбек жасақтарының үшінші кезеңі тамыздың бірінде басталмақ.

Жас шамасына келер болсақ, биыл 14-16 жас аралығынан – 260, 16-18 жас аралығынан – 253, 18 және одан жоғары жас аралығынан – 85 азамат еңбекке жұмылдырылды.

Айта кетейік, жұмыскерлердің жалақы көлемі 85 000 мен 95 000 теңгенің аралығын құрайды.

Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі.