«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары нашақорлыққа қарсы интерактивті ойын ұйымдастырды

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары нашақорлыққа қарсы интерактивті ойын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, топтық ойындар арқылы нашақорлықтың зияны, денсаулықтың маңыздылығы және дұрыс өмірлік таңдау жасау туралы өз білімдерін толықтырды. Белсенді жастар өзара пікір алмасып, салауатты өмір салтын қолдаудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Осындай танымдық әрі әсерлі іс-шаралар жастардың құқықтық және азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Салауатты өмір – саналы таңдау! Есірткіге – ЖОҚ!