ЖАСТАР ҮШІН ЖАРҚЫН МҮМКІНДІК

Гүлім Қуанышова – сегіз жылдан бері жергілікті «Ulytau» телеарнасында тілші, бағдарлама жүргізушісі болып қызмет атқарады. Жерлесіміз Ұлытау облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» бірлесе қолға алған тұрғын үй бағдарламасының арқасында аумағы 60 шаршы метрге жуық өз баспанасына қол жеткізген. Гүлім Маратқызының айтуынша, бастама – 35 жасқа дейінгі ұлытаулық мамандар үшін үлкен мүмкіндік.

«Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10%.

Аталған бағдарлама 2023 жылы бастау алды. Осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау, Білім беру, Мәдениет, Спорт, БАҚ, ЖОО, Әлеуметтік сала, «Қазпошта» акционерлік қоғамы филиалы, электрмен, сумен, жылумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қызмет жасайтын, Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер және Қызмет саласына қарамастан, Ұлытау облысында «жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар» санатында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған отыз бес жасқа дейінгі азаматтар баспаналы болды.

Қадірлі жерлестер!

Тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылы да жалғасын табады. Құжат қабылдау уақыты мен талаптары қосымша хабарланады.