Біртұтас тəрбие бағдарламасы: Ұлттық құндылықтарды оқушы бойында қалыптастыру жолдары
Жас ұрпақ тəрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттау маңызды. «Біртұтас тəрбие бағдарламасы – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тəрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс.
Бағдарламаның мақсаты – жалпы адамзаттық жəне ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тəрбиелеу. Біртұтас тəрбие бағдарламасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі 6 құндылықты атап өтті. Бұл құндылықтарға мыналар жатады:
1. Тəуелсіздік жəне Отаншылдық: өз еліне деген мақтаныш, оның рəміздері мен тарихын құрметтеу сезімін қалыптастыру;
2. Бірлік жəне Ынтымақ: əлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық пен өзара көмектесу қабілетін дамыту;
3. Əділдік пен Жауапкершілік: əлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық пен өзара көмектесу қабілетін дамыту;
4. Заң жəне Тəртіп: Заңдылықты, этикалық нормаларды түсінуді жəне өз іс-əрекеті үшін жауапкершілікті мойнына алуға дайын болуға баулу;
5. Еңбекқорлық жəне кəсіби біліктілік: Заңдар мен ережелерді сақтау маңыздылығын меңгеру, қоғамдық тəртіпті сақтау;
6. Жасампаздық жəне жаңашылдық: Шығармашылық ойлау, жаңашылдыққа ұмтылу жəне жаңа сын-тегеуріндерді қабылдауға дайын болу қасиеттерін дамыту.
Биылғы оқу жылында Оқушылар үйінде біртұтас тəрбие жоспары аясында іс-шаралар ұйымдастырылуда: атап айтқанда, «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде балалардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Демалыста кітап оқимыз», «Атадан өсиет – анадан қасиет», «Жұлдызды отбасы», «Ат туризмі», «Цифрлық əлемде қауіпсіз қадам», «Алтын адам ұлы даланың тарихи жəдігері», «Ұлттық киім үлгілерін бейнелеу» тақырыптарында əр түрлі шеберлік сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты тəрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге біріңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Көркемай ЖЕҢСІКБАЕВА,
Оқушылар үйі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.