Бас прокуратура: Сайлау күні бюллетень суретін жариялауға тыйым салынады
Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру күні және одан бір күн бұрын кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады. Яғни, 2026 жылғы 22 және 23 тамызда үгіт-насихат жүргізуге болмайды.

Сондай-ақ Бас прокуратура сайлау күні толтырылған бюллетеньді фото немесе видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынатынын ескертті.
Ал ереже бұзғандарға әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Осы құқықтық шектеулер сақталмаған жағдайда үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізгені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады. Жеке тұлғаларға – 15, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған», – делінген Бас прокуратураның үндеуінде.

